«Аттабан» (ат тұяғының ізі)) / «Аша тұяқ»

 

 

Жылқы – үнді-еуропалық және үнді-ирандық мәдени кодтың ең көне және маңызды элементтерінің бірі. Ежелгі заманнан бері жылқы күнді, өмірді және сонымен бірге ғұрыптық құрбандықты білдіреді. Жылқы бейнесі қазақ көшпенділерінің дүниетанымындағы басты  «мәңгілік» нышан болып табылады. Сондықтан, жылқы / ат қазақтардың дәстүрлі мифопоэтикасындағы киелі тұлға болып табылады, онымен көптеген ырым-тыйымдар, жоралғылар, нанымдар байланысты. Онымен байланысты бірқатар өрнектер бар, ал ат тұяғының ізі «аттабан» «періштенің ізі» деп аталады. 

 
Ат тұяғының ізі қалған бір уыс топырақ салттық-ғұрыптық тәжірибеде кеңінен қолданылған. Матаға орап, тұмар ретінде баланың бесігіне салынды немесе ем ретінде баланы шомылдырғанда суға бір шымшым топырақ қосылды. Мұндай су емдік деп саналды.

 
Графикалық түрде өрнектің өзі төрт бөлікке бөлінген сегіз қырлы медальон болып табылады. Семантикалық тұрғыдан жылқы және оның ою-өрнек түріндегі туындылары негізінен материалдық әл-ауқатты білдіреді. Еркектік бастаумен байланысты және жағымды символизмге ие. Жылқының Күн нышаны ретіндегі пайымдаулар сақ жауынгерінің (Есік қорғаны) бас киімінен айқын көрінеді.

.